ТМД елдерінің кеденшілері Душанбеде отырыс өткізді

ТМД елдерінің кеденшілері Душанбеде отырыс өткізді

14.10.2025 12:46:58 96

 

        2025 жылғы 26 қыркүйекте Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 81-отырысына Қазақстандық делегация Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің басшылығымен қатысты.

       Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің делегациялары қатысты.

      Тараптар кедендік ынтымақтастықты дамыту, озат құқық қолдану тәжірибесімен алмасу және кедендік үдерістерді жетілдіру мәселелерінің кең ауқымын қарастырды.

      Делегациялар басшыларымен тауарларды тауар номенклатурасына сәйкес біркелкі жіктеуді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Бұл ретте осы салада арнайы жұмыс тобын құру және кедендік бақылауды жетілдіру мәселелері қарастырылды.

      Сондай-ақ тараптар халықаралық тасымалдарға арналған уақытша әкелінген контейнерлерге кедендік бақылау ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

      Қазақстандық делегация ТМД елдерінің шекараларында тиісті инфрақұрылымдық жағдайлар жасау және шекаралас учаскелерде жұмысты үйлестіре отырып бірлесіп жүргізудің маңыздылығына назар аударды.

       Кеден қызметтері басшылары кеңесінің келесі отырысын 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда өткізу жоспарлануда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1075758?lang=kk