«Текеліде Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша Ашық есік күні өтті»

«Текеліде Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша Ашық есік күні өтті»

14.10.2025 12:56:34 66

 Текелі қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу – «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін Жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері түсіндірілді.

Жаңа кодексте қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша жаңашылдықтар ерекше назарға алынды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге салықтық рәсімдерді жеңілдету, шағын және орта бизнеске арналған қолайлы мүмкіндіктер және әкімшілік ауыртпалықты азайтуға бағытталған шаралар жөнінде кең көлемді ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1082327?lang=kk