Еңбек күні қарсаңында аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы жыл сайын аудан еңбек ұжымдарын көшпелі концерттермен қуантады.
14.10.2025 12:56:54 221
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өнерпаздар өздерінің мерекелік бағдарламасын «ЭПК-forfait» ЖШС, «Шалыгин» шаруа қожалығы және «Тобол» ШЖҚ КМК қызметкерлеріне тарту етті.
Концерттің жылы шырайлы атмосферасы әндермен, аспаптық әуендермен және еңбек адамдарына деген алғыс сөздерімен өрілді. Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлері «Үміт 2050» ҚҚ тарапынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік концерт аудан тұрғындарының маңызды еңбегіне деген құрмет пен ілтипаттың жарқын көрінісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1075955?lang=kk