Қазақстан мен Оманның сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында кездесу өткізді
14.10.2025 12:57:48 95Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясына қатысу аясында Оман сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы әріптестікті тереңдету мәселелеріне баса назар аударылды. Тараптар тұрақты даму мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйымдар шеңберінде іс-қимылды үйлестірудің маңыздылығын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1075879?lang=kk