ЕАЭО кеден қызметтерінің Бірлескен алқасының кезекті отырысы өтті

ЕАЭО кеден қызметтерінің Бірлескен алқасының кезекті отырысы өтті

14.10.2025 12:58:02 91

        2025 жылғы 26 қыркүйекте Душанбе қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің 51-ші Бірлескен алқа отырысы өтті.

       Аталған отырысқа Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев бастаған делегация қатысты.

       Кездесу барысында тараптар ЕАЭО кеңістігінде бірқатар тауарлардың жіктемесін біріздендіру, кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сондай-ақ инспекциялық-тексеру кешендері операторларының кәсіби шеберлігін жетілдіру мәселелерін қарастырды.

      Кедендік транзит рәсімін жетілдіру мәселелері жеке блок ретінде қаралып, бұл бағытта нақты шешімдер қабылданды, соның ішінде мұндай операцияларды одан әрі автоматтандыру аспектілері де ескерілді.

      Сондай-ақ, теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар бойынша электрондық құжат айналымы қағидаттарын қолдана отырып, кеден органдарының тауарларды кедендік транзит рәсіміне орналастыру және осы рәсімнің аяқталуы кезінде кедендік операцияларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

      Тараптар сондай-ақ кеден қоймасы және уақытша әкелу (рұқсат) рәсімдерін кедендік транзит рәсіміне орналастыру арқылы аяқтау кезінде құқық қолдану практикасы бойынша тәжірибе алмасып, кедендік аумақта босатылуын растайтын құжаттарсыз жүрген тауарлар мәселелерін талқылады.

      Сондай-ақ, кеден қызметтері басшылары кедендік үдерістердің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бірыңғайланған тәуекел индикаторларын бекітті.

     Отырыс барысында Қазақстан тарапынан ЕАЭО елдерінің кеден қызметтеріне интеграциялық бірлестік аясында тауарлардың еркін қозғалысын одан әрі қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы назар аудартылды.

     Кеден қызметтері Бірлескен алқасының келесі отырысын ағымдағы жылдың IV тоқсанында Ресей Федерациясында өткізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1075854?lang=kk