Салық жүйесін жетілдіру және кеден инфрақұрылымын қайта құруды жеделдету

Салық жүйесін жетілдіру және кеден инфрақұрылымын қайта құруды жеделдету

14.10.2025 13:16:28 167

«Естуші мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері өңір тұрғындарымен, бизнес қауымдастығымен және Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Диалогтың негізгі тақырыбы – салық жүйесінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыруға бағытталған шаралар болды.

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қатысушыларға жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді таныстырды: салық есептілігін 30%-ға қысқарту, камералдық бақылауды ескерту форматына көшіру, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту, сондай-ақ салық төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдерін жеңілдету. Бұл қадамдар бизнес пен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында вице-министр «Жібек жолы» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қайта құру барысымен танысты. Инфрақұрылымды жаңғырту мемлекеттік бақылаудан өту тәртібін жақсартып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдету және реконструкцияны белгіленген мерзімде сапалы аяқтау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1076420?lang=kk