Еңбек күні
14.10.2025 13:22:29 135
22-26 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық мектептерінде Еңбек күніне арналған іс-шаралар кешені өтті.
Негізгі мақсаты: оқушылар арасында еңбек мәдениетін арттыру және жұмысшы мамандықтарын насихаттау, адал еңбек идеясын дәріптеу.
Шара аясында «Еңбек түбі-сары алтын» тақырыптық сынып сағаттары, сурет, шығарма байқаулары, «Еңбек адамы – жас ұрпаққа өнеге» атты жұмысшы маман өкілдермен кездесулер өткізілді.
Еңбекке деген құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу үшін еңбегі сіңген жұмысшы мамандық иелеріне көмек көрсету үшін және оларды құттықтау үшін ерікті топтар ұйымдастырылды.
Апталық барысында оқушылар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар туралы да ақпарат алды.
Бұл іс-шаралар оқушылардың еңбекке деген құрметіне және кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1076472?lang=kk