2025 жылғы 29 қыркүйек күні Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 29 қыркүйек күні Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

14.10.2025 13:53:19 107

Отырысқа қоғамдық кеңестін мүшелерімен бірге Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Сыдыкова Жанар Данелханқызы, Үлкен Нарын ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Абенов Қанат Есимбекович, «Катонқарағай-Вет» кәсіпорнының басшысының орынбасары Байгереев Рақымғали Қалаубаевич, Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Тулукпаев Марат Нурбаевич, Үлкен Нарын ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Канафина Айнагүл Болатбекқызы, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің орынбасары Айдарбаева Тамара Тлеугазиновна қатысты. Отырысты Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ережепов Бердібек Кийсинович ашып өткізді.
Отырыста төмендегі мәселелер қаралды:
1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептер тыңдау.
2. Аудан мектептерінде ыстық тамақпен қамтамасыз етуді қадағалау.
3. Аудан орталығындағы иесіз қалған бұралқы иттерді залалсыздандыру және оларды аулап ұстау жұмыстары туралы.
4. Аудандық полиция бөлімінің аудандағы қоғамдық тәртіппен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы.
5. Үлкен Нарын ауданының елді мекендерін көркейту,көгалдандыру және
санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы» Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі №108 қаулысының орындалуы туралы.

Барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1077038?lang=kk