Мадрид қаласында Қазақстан мен Испания арасындағы құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
14.10.2025 14:06:55 104
Мадрид, 2025 ж. 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшісі Данат Мұсаев Испания Бас прокуратурасының халықаралық қылмыстық ынтымақтастық жөніндегі прокуроры Франсиско Хименес-Вильярехо Фернандеспен кездесу өткізді.
Кездесу барысында халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, оның ішінде екі мемлекеттің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимыл және құқықтық көмек саласында күш-жігерді одан әрі үйлестірудің ықтимал бағыттары талқыланды.
Жұмыс байланыстарын тұрақты қолдаудың, соның ішінде өзара сапарларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар өзекті бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1077246?lang=kk