Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада «Балаларға арналған үздік жоба» байқауы өтті
14.10.2025 14:27:32 107Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас оқырмандарды кітапханаға тарту және оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында Жетісу облысы кітапханалары арасында «Үздік балаларға арналған жоба» атты облыстық байқау өткізілді.
«Үздік балаларға арналған жоба» атты байқау кітапханашылардың шығармашылығын дамытып, балаларды кітапханаға тарту және оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Байқау арқылы балаларға арналған тиімді жобалар мен инновациялық әдістерді анықтап, тәжірибе алмасуға жағдай жасау көзделді. Сонымен қатар, бұл іс-шара кітапхана қызметінің сапасын арттырып, жас оқырмандардың рухани және интеллектуалды дамуына үлес қосу Бұл байқау үш кезеңнен тұрды:
І кезең (өзін таныстыру, 50 беттен аспайтын слайд ұсыну)
ІІ кезең (жоба аясында жүргізілген жұмыстары, бейне таныстырылым 1-3 мин.)
ІІІ кезең (кітапхана саласына қатысты 5 сұраққа жауап беру)
Байқаудың қорытындысы бойынша Панфилов ауданы Жаркент қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Дәулетқазы Ақторғын Дәулеткелдіқызы үздік деп танылып, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1077419?lang=kk