Облыс педагогтарын «Ұстазға алғыс» апталығы аясында құттықтады
14.10.2025 14:47:15 32
«Ұстазға алғыс» апталығы аясында облыста еңбектері білім беруді, мәдениетті және елдің болашағын дамытудың негізі болып табылатын мұғалімдерді құрметтеуге арналған іс-шаралар өтті.
Өздерінің мұғалімдеріне кәсіби шеберлігі, жанқиярлығы және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан зор үлестері үшін қалалық, аудандық білім бөлім басшылары, университет ректорлары, облысымыздың департаменттар басшылары, мектеп директорлары алғыс айтты.
Мұғалімдерге алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды.
«Ұстазға алғыс» апталығы күн сайын жүрегі мен білімін болашақты тәрбиелеу ісіне салатын барлық білім саласына еңбегі сіңген адамдарға деген құрмет көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болды.
Құрметті ұстаздар,адал еңбектеріңіз үшін рахмет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1077829?lang=kk