2025 жылғы қаңтар - маусымдағы өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім
14.10.2025 15:33:17 100
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы (есепті деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,3% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарларды өндірудің үлесі –35,6%, қызметтерді өндірудің үлесі – 57,3% құрады.
Ең үлкен өсімді Көлік және жинақтау – 22,4%, Құрылыс – 18,4%, Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 8,4%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 8,3%, Өңдеу өнеркәсібі – 5,6% салалары көрсетті.



ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1078543?lang=kk