Сотталғандарға арналған бизнес жүргізу курстары өткізілді

Сотталғандарға арналған бизнес жүргізу курстары өткізілді

14.10.2025 16:27:28 171

Ақтөбе облысының прокуратурасы Кәсіпкерлер палатасымен және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін «Бизнес әліппесі» экспресс-курсын ұйымдастырды.

Оқыту «Атамекен» ғимаратыныңның алаңында сертификатталған жаттықтырушының қатысуымен өтті.

Курс бағдарламасы өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жеке кәсібін ашуды жоспарлаған азаматтарға арналған.

Сабақтар барысында кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-жоспарлау, маркетинг, персоналды басқару, салық салу және бухгалтерлік есептің негіздері сияқты негізгі тақырыптар қарастырылды.

Бұл – сотталғандардың бостандыққа шыққанан кейін, қоғамға бейімделуге дайындауға, сондай-ақ пробация есебінде тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге және өз ісін ашуға көмек көрсетуге бағытталған кезекті бірлескен іс-шара.

Курс соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1079016?lang=kk