Атырауда мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық жаттығу өтті

Атырауда мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық жаттығу өтті

14.10.2025 17:26:18 158

Атырауда мұнай өңдеу зауытында өрт-тактикалық жаттығу өтті

 

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС аумағында бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында аса қауіпті объектілердің бірі болып табылатын мұнай өнімдері бар резервуардың бірінен өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмі пысықталды.

Жаттығу кезінде автоматты көбікті сөндіру жүйесі, стационарлық лафеттік оқпандар іске қосылып, резервуар қабырғаларын салқындату және зардап шеккен аумақты қауіпсіздендіру шаралары жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шартты өртті сөндіру үшін көбікті шабуыл әдісі қолданылды.

Оқу-жаттығуға жалпы 52 қызметкер, 18 өрт сөндіру техникалары жұмылдырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1080112?lang=kk