Конституциялық Сотқа Мажарстан Президенті келді

Конституциялық Сотқа Мажарстан Президенті келді

14.10.2025 17:27:00 193

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті.

Эльвира Азимова жоғары мәртебелі қонақты Қазақстандағы конституциялық өзгерістер үдерістерімен және Конституцияның үстемдігін сақтауды қамтамасыз ету тетіктерімен таныстырды.

Бұған дейін Мажарстанның Конституциялық Сотын басқарған Тамаш Шуйок азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесін, сондай-ақ құқық үстемдігі мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғаудағы мажарстандық конституциялық бақылау органының тәжірибесін атап өтті.

Мажарстан Президенті тәуелсіз әрі мықты Конституциялық Сот демократиялық дамудың және негізгі құқықтардың басты кепілі екенін атап өтіп, оның жұмысы бейбіт әлеуметтік ынтымақтастық рухында әрі құқықтық дәстүрлерді сақтау бағытында жалғасуын тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1080088?lang=kk