Фискалдық деректер форматының жаңа нұсқасына көшу мәселесі бойынша ТҚО басшыларымен кездесу
14.10.2025 17:27:18 241
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бақылау-кассалық машиналарға техникалық қызмет көрсету орталықтарының басшыларымен кездесу өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы фискалдық деректерді берудің 2.0.3 өзекті нұсқасына БКМ уақтылы қайта бағдарламалау қажеттілігі болды.
Кездесуді Департамент басшысының орынбасары Марат Бейсенов ашты, ол белгіленген мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа нұсқасына көшудің маңыздылығын атап өтті. Ол БКМ бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жаңарту бақылау-кассалық техниканың дұрыс жұмыс істеуінің және БКМ қолдану бөлігінде бұзушылықтардың алдын алудың міндетті шарты болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар 2.0.3 нұсқасында көзделген негізгі өзгерістер, кассалық техниканы қайта бағдарламалау тәртібі, ауысу мерзімдері туралы айтып берді.
Салық төлеушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына және БКМ уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуде ТҚО-ның белсенді қатысу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген мерзімде БКМ жаңа нұсқасына көшуді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты және өзара әрекет етуді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1080035?lang=kk