Заң клиникасының салтанатты ашылу рәсімі
14.10.2025 17:38:14 64
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 2 қазанында Қостанай облысы Әділет департаменті заң қоғамдастығымен бірлесіп, Челябі мемлекеттік университеті филиалының базасында заң клиникасын ашты.
Заң клиникасының ашылуы - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тегін заң көмегін қолжетімді етуге және азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, студенттер үшін бұл алаң практикалық тәжірибе жинақтаудың тиімді мүмкіндігі болмақ.
Іс-шара барысында Қостанай облысы Әділет департаменті мен Челябі мемлекеттік университеті филиалы арасында заң клиникасының жұмысына қатысты Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өзара ынтымақтастықты нығайтып, қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жетілдіруге ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1080142?lang=kk