Оқушыларды медициналық сыныпқа қабылдау
14.10.2025 17:56:49 300
Жаңа 2025-2026 оқу жылының басында Әлихан Бөкейхан атындағы КГУ «Тірек мектеп (РЦ)» базасында медициналық сыныпқа қабылданған оқушыларға куәліктерді салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл шараға медицина саласына қызығушылық танытып, болашақ мамандығын таңдауға ниет білдірген 9, 10 және 11-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара аясында жалпы тәжірибе дәрігері, жоғары санатты маман Шейнкнехт Наталья Яковлевна оқушылармен танымдық әңгіме жүргізді. Дәрігер өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, медициналық мамандықтың маңыздылығы, дәрігердің адам өмірі мен денсаулығы алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ медициналық білім берудің болашағы туралы баяндады.
Осындай кездесулер жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастыруға, медицина ғылымына деген қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1080455?lang=kk