Қазақстан Елшісі «Al Busaili» компаниясымен қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан Елшісі «Al Busaili» компаниясымен қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

14.10.2025 17:58:12 19

Рияд, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің энергетика, инфрақұрылымдық құрылыс және өнеркәсіптік шешімдер саласындағы жетекші компанияларының бірі «Al Busaili» компаниясының төрағасы Әли
Әл-Бусейлимен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларды бірлесіп іске асыру, сондай-ақ инновациялық технологиялар саласында тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық кәсіпорындар мен «Al Busaili» компаниясы арасында ынтымақтастық орнату мәселелеріне басты назар аударылды.

Әли Әл-Бусейли компанияның қызметімен таныстырып, қазақстандық тараппен екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге және қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1080422?lang=kk