Тәжікстанның авиациялық билігінің басшылығымен кездесу өтті

Тәжікстанның авиациялық билігінің басшылығымен кездесу өтті

14.10.2025 19:49:06 106

2025 жылғы 24 қыркүйек, Монреаль. ИКАО-ның 42-ші Ассамблеясы аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары Азиз Набизода мырзамен кездесті. Ол Қазақстанның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілдігіне ізет білдіру сапарымен келді.

Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы қазақ-тәжік екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы (EACAC) аясындағы өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Келіссөздер достық және сенімді атмосферада өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1082497?lang=kk