Әзербайжанның авиациялық билігінің басшылығымен кездесу өтті
14.10.2025 19:49:09 78
Монреаль қаласы, 2025 жылғы 30 қыркүйек. ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясы шеңберінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Әзербайжан Республикасының Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Бахрұз Мәліков мырзамен кездесті.
Әзербайжан тарапы ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігіне сыпайылық сапарымен келді.
Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде ұшу географиясын кеңейту және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыру перспективаларын талқылады.
Кездесу достық және өзара сенім жағдайында өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1082496?lang=kk