Атырау облысында кинологиялық есептердің өңірлік сертификаттау сынағы өткізілді

Атырау облысында кинологиялық есептердің өңірлік сертификаттау сынағы өткізілді

14.10.2025 20:40:36 162

Атырау облысында кинологиялық есептердің өңірлік сертификаттау сынағы өткізілді

 

 

Атырау қаласында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің жедел-құтқару жасақтарының кинологиялық есептоптарының 2-кезең дайындық деңгейін анықтау мақсатында өңірлік сертификаттау сынағы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — кинологиялық есептердің кәсіби дайындық деңгейін бағалау және сыныптық біліктілікті растау.

Өңірлік сертификаттау сынағына 5 қызметтік ит пен 5 кинолог қатысты.

Аттестация үш кезеңнен тұрды:

  • І кезең — мойынсұну және ептілік;
  • ІІ кезең — қираған ғимараттар мен құрылыстардың үйінділері жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары;
  • ІІІ кезең — табиғи орта жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары.

 

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша, белсенділігі мен кәсіби дайындығы үшін, кинологиялық есептоптардың барлығы сертификаттаудың «А» классына  өтіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1082882?lang=kk