Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ақпараттандырады. Камералдық бақылауда бизнес-процесстерді оңтайландыру

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ақпараттандырады. Камералдық бақылауда бизнес-процесстерді оңтайландыру

14.10.2025 20:41:03 300

Құрметті салық төлеушілер!

Камералдық бақылау бөлігінде бизнес-процесстерді оңтайландыруға байланысты 2025 жылдың 1 қазанынан бастап аудандық деңгейдегі салық төлеушілерге жіберілетін хабарламалардың бір бөлігін пысықтау Департамент деңгейінде жүзеге асырылады.

Салық төлеушілер үшін өзара іс-қимыл тәртібі өзгеріссіз қалатынына назар аударамыз:

- хабарламалар бойынша салықтық есептілік және түсініктемелер электронды түрде ұсынылады;

- жауапты қағаз жеткізгіште беру қажет болған жағдайда құжаттарды Мемлекеттік кірістер басқармасының кеңсесі арқылы беруге болады.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша сіздер 8 (7182) 32-16-85 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.

Түсіністік білдіргендеріңіз үшін рахмет!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1082809?lang=kk