Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысы жүргізілді

Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысы жүргізілді

14.10.2025 20:42:16 61

2025 жылғы 8 қазанда Күршім ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен жұмыс бөлімі басшысы Бекбосынова А. Қ. жеке кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге негізгі өзгерістер мен оларды тәжірибеде қолдану бойынша ұсынымдар жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Мұндай іс-шаралар салық төлеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және бизнес пен салық органдары арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1082707?lang=kk