Мектеп оқушыларды қаржылық сауаттылыққа қалай үйретуге болады
15.10.2025 08:04:34 73
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, оқушылардың қаржылық сауаттылық, салықтық мәдениет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру аясында
Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарына дәріс өткізді.
Кездесудің тақырыбы — «Отбасындағы қаржылық жауапкершілік аясында өз міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру».
Байланыс орталыға және түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша түсіндірмелер берді:
▫️ салық мәдениеті және жауапкершілік;
▫️ жалпыға бірдей декларациялау;
▫️ жеке тұлғалардың банкроттығы.
Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушылар мен ата-аналарға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Мұндай шаралар адал, еңбекқор әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ қаржыны сауатты басқаруды үйренуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1083808?lang=kk