Жаңа Салық кодексін түсіндіру: Ашық есік күні Көксу ауданында

Жаңа Салық кодексін түсіндіру: Ашық есік күні Көксу ауданында

15.10.2025 08:28:02 24

2025 жылғы 9 қазанда Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілер үшін «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара барысында мамандар 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, оның ішінде ҚҚС, ККС және ЖТС бойынша жаңалықтар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету шаралары және кәсіпкерлер үшін артық әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1084103?lang=kk