Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру
15.10.2025 08:37:40 16
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, оқушылардың қаржылық сауаттылық, салықтық мәдениет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру аясында
Көкшетау қаласындағы Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушыларына дәріс өткізді. Кездесудің тақырыбы — «Қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер», «Қаржылық сауатты мектеп оқушысының 5 ережесі» Байланыс орталыға және түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева мектеп оқушышыларына келесі тақырыптар бойынша түсіндірмелер берді:
▫️ салық мәдениеті және жауапкершілік;
▫️ жалпыға бірдей декларациялау;
▫️ жеке тұлғалардың банкроттығы.
Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушылар мен ата-аналарға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Мұндай шаралар адал, еңбекқор әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ қаржыны сауатты басқаруды үйренуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1084261?lang=kk