2025 жылғы 13 қазан күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

2025 жылғы 13 қазан күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

15.10.2025 09:57:33 104

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, салаға жауапты мамандар қатысты.

Күн тәртібінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы, Тұғыл ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда атқарылған жұмыстар туралы, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдары атқарған жұмыстары туралы, Ауданда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсету барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы, Тарбағатай ауданы психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған жартылай стационарлық оңалту әлеуметтік медициналық орталығының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы,сондай-ақ ауданымыздағы жастар мәселелері мен мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы барысы қаралды. Атап айтқанда, жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік даярлау, сондай-ақ жастар арасындағы волонтерлік пен қоғамдық жұмыстарға белсенділікті дамыту ерекше назар аударылды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы мәселесін аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Қ.Жұмажанова мен бас маман А.Байдуллаева ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанын,сонымен қатар пайданылмай жатқан, мақсатсыз пайдаланылған бірқатар жер учаскелерін анықтағанын,бұл бағытта жұмыстарының тұрақты түрде жалғасып жатқанын хабарлап өтті. Мемлекет меншігіне берілген жерлер конкурс негізінде берілетінін де атап өтті.

Тұғыл ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда атқарылған жұмыстар туралы Тұғыл ауылдық округінің бас маманы Ногайбаева Г.Тұғыл ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы туризмді саласын дамыту бойынша туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретінін жеткізді.

Ауданда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы М.Сығаева баяндама жасап өтті.

Қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарға көмек ұйымдастыру барысында, Қабанбай ауылының тұрғынына ауданда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің маманы М.Нуғымановаға өзінің кәсіби міндетімен қатар, игі бастама танытып, жеке қаражатынан қаржылай көмек көрсетілгенін атап өтті, маманның бұл әрекеті адамгершілік пен мейірімнің жарқын үлігісі ретінде бағаланып, депутатттар тарапынан ризашылықтарын білдірді.

Тарбағатай ауданы психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған жартылай стационарлық оңалту әлеуметтік медициналық орталығының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы мекеме директоры  М.Дүйсенова 2025 жылы психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға арналған жартылай стационарлық оңалту әлеуметтік-медициналық орталығы өз қызметін жүйелі түрде жалғастырып, балалардың өмір сапасын жақсарту мен әлеуметтену деңгейін арттыру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сонымен қатар, жыл басынан бері орталықта 22 қызмет алушыларға әлеуметтік-медициналық және педагогикалық көмек көрсетілді. Балаларға логопед, дефектолог, психолог және емдік дене шынықтыру мамандары кешенді қызмет ұсынды. Сонымен қатар, физиотерапиялық емшаралар, емдік массаж және  биыл иппотерапия алынып, сабақтары тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын жеткізді.

Талқылау барысында депутаттар мен қатысушылар пікірлерін білдіріп, жауапты мекемелердің өкілдеріне ұсыныстар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданып, олардың орындалуы бірлескен тұрақты комиссия отырысының төрағалары бақылауға алатын болады.

                                                                               

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1085703?lang=kk