Әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтар мен халықтың осал топтарына көрсетілетін қолдау шаралары: 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нәтижелер
15.10.2025 10:40:35 345
Әлеуметтік қорғау органдары жұмысының маңызды бағыттарының бірі – әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету болып табылады.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 1 677 отбасына тағайындалды (2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар саны 533 отбасына немесе 24,1%-ға азайған).
Сондай-ақ, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2 119 балаға ай сайынғы қосымша төлемдер тағайындалды.
Еңбекке қабілетті АӘК алушылардың ішінен жұмысқа мұқтаж 361 адам (100%) белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылды.
Сонымен қатар, аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімдері негізінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетілуде.
Жалпы, әлеуметтік қолдау шараларымен 11 000-нан астам адам қамтылды. Оның ішінде: мүгедектігі бар адамдар, аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыстарға қатысқан ардагерлер, тыл еңбеккерлері және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1086349?lang=kk