Қазақстан мен Сауд Арабиясы кеден саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
15.10.2025 13:42:30 57Рияд, 2025 жылғы 14 қазан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Зекет, салық және кеден істері жөніндегі басқармасының басшысы Сухейл бен Мұхаммед Абанмимен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамыуының оң серпінін атап өтті. Атап айтқанда, 2025 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында екіжақты тауар айналымы 8 млн. АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсті.
Осы тұрғыда, шекарадан өту және кедендік рәсімдерді жеңілдету арқылы сауда мен инвестицияларды ынталандыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің бизнес өкілдеріне нақты қолдау көрсетуге бағытталған консультацияларды жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1086795?lang=kk