Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Масқатта Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

15.10.2025 13:42:33 66

Масқат, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды илгерілету министрінің орынбасары Ібтисәм бінт Ахмед Әл-Фаруджимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында 2025 ж. 2 желтоқсанда Масқат қаласында жоспарланған Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысына дайындалу жұмыстарының аясында сауда-экономикалық саладағы келешегі зор бағыттар мен екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайту жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады.

Оман тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларына қызығушылық танытып, екі елдің қажеттіліктері мен экономикалық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында қазақстандық министрліктер мен мекемелер өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің делегацияларын Маскатта қабылдауға дайын екенін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша алдағы болатын Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясында тереңдетіп талқылау мақсатында сыртқы сауда байланыстарды жандандыру жөніндегі тиісті ұсыныстардың кешенін даярлау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1086792?lang=kk