Шаруа қожалықтары үшін АСР: 2026 жылдан бастап не сақталады және не өзгереді

Шаруа қожалықтары үшін АСР: 2026 жылдан бастап не сақталады және не өзгереді

15.10.2025 14:41:20 54

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында жаңа Салық кодексі бойынша семинар өтті
Бүгін Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы "Атамекеннің" базасында салық заңнамасындағы маңызды өзгерістерге арналған кезекті семинар өтті 
Спикер ретінде камералдық бақылау бөлімінің басшысы Шарбану Бермағамбетова сөз сөйледі.
Ол арнайы салық режимін (АСР) қолданатын шаруа (фермер) қожалықтарына қатысты Салық кодексіндегі өзгерістерді кеңінен түсіндірді.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Алайда арнайы салық режимін (АСР) қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшін қолданыстағы тәртіп кейбір түзетулермен сақталады. Ең маңыздысы 
ШҚ үшін АСР сақталады
Негізгі қызмет түрі — ауыл шаруашылығы өнімін өндіру
АШ қызметінде қолданылатын НДС, әлеуметтік салық, мүлік және көлік салығы төленбейді
Салық жеке табыс салығы (ЖТС) түрінде төленеді
Бірыңғай жер салығы (БЖС) жойылады
Оның орнына 0,5% айналымнан алынатын мөлшерлеме енгізіледі
Міндетті түрде жер телімі болуы керек
Есептілік — салық есептілігі нысаны (СЕН) жылына 1 рет тапсырылады
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Бизнеске қатысты маңызды жаңалықтарды сіздерге уақтылы жеткізуді жалғастырамыз!
#Атамекен #Қостанай #БизнесСеминар #СалықКодексі #Фермер2026 #АуылШаруашылығы #ШаруаҚожалығы #ҚостанайӨКП #АтамекенҚостанай

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1086831?lang=kk