Баспасөз-релизі

Баспасөз-релизі

15.10.2025 17:31:26 43

Жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру

 

2025 жылғы 14 қазанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігінің алаңында жаңа экономикалық саясат пен 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған кеңейтілген кездесу өтті.

Жиынды Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ашып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салық жүйесін жетілдіру және бизнеске қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Ерлан Сагнаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қанат Кульназаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық ғылым және білім департаментінің директоры Айхан Сұлтан, облыстық және қалалық маслихат депутаттары, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ӨКП,  құзыретті мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиында келесі негізгі мәселелер қаралды:
​1.​Салық саясаты және бизнесті қолдау (арнайы салық режимдері, ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі, әкімшілендіруді жеңілдету);
​2.​Әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
​3.​Цифрландыру және инфрақұрылымды басқару бағыттары.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Салық кодексінің негізгі нормалары түсіндіріліп, бизнестің сұрақтарына жауап берілді. Тараптар орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1087059?lang=kk