Мемлекеттік мүлікті тиімді басқару, жекешелендіру және сыбайлас жемқорлықты алдын алу
15.10.2025 17:51:26 71
Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы Ерлан Мақсотұлы Жаңабаев Атырау ТВ телеарнасының тікелей эфирінде «Әлеумет» саяси қоғамдық бағдарламасына «Мемлекеттік мүлікті тиімді басқару, жекешелендіру және сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында Ерлан Жанабаев мемлекеттік мүлікті тиімді басқару, жекешелендіру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы кеңінен әңгімеледі.
Бағдарламада мемлекеттік активтерді тиімді пайдалану, жекешелендірудің жаңа тетіктері мен цифрландыру арқылы ашықтықты арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қоғаммен байланыс және халықтың ақпараттану деңгейін көтеру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтылды.
Эфир соңында Ерлан Жанабаев мемлекеттік мүлік саласындағы адалдық пен жариялылық қағидаттарын нығайту әр мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1087086?lang=kk