СҚО-да әлем чемпиондары ҚАЖ қызметкерлері үшін шеберлік сағатын өткізді

СҚО-да әлем чемпиондары ҚАЖ қызметкерлері үшін шеберлік сағатын өткізді

15.10.2025 19:11:10 22

Салауатты өмір салтын насихаттау аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері үшін спорттық шеберлік сағатын ұйымдастырды. Іс-шараға өңірдің танымал спортшылары — 2025 жылғы бокс бойынша әлем чемпионы Наталья Богданова, оның жаттықтырушысы, еңбегі сіңген спорт шебері Дастан Кабделов, сондай-ақ кикбоксингтен бес дүркін әлем кубогының жеңімпазы Аслан Асылбеков шақырылды.

Шеберлік сағатына департамент пен оған қарасты мекемелердің 25 қызметкері қатысты. Қонақтар өздерінің спорттағы жолдары туралы әңгімелеп, тәжірибелік жаттығулар өткізді: қатысушылар чемпиондардың жетекшілігімен қызу жаттығу жасап, бокс пен кикбоксингтің негізгі тәсілдерін үйреніп, соққы мен қорғаныс элементтерін пысықтады.

Наталья Богданова 2025 жылы бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алып, мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізген Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан алғашқы спортшы атанды. Бұл жетістік өңір тарихындағы маңызды оқиға болды. Оның жаттықтырушысы Дастан Кабделов — еңбегі сіңген спорт шебері, халықаралық деңгейдегі көптеген чемпиондарды тәрбиелеген тәжірибелі маман.
Аслан Асылбеков — кикбоксингтен бес дүркін әлем кубогының иегері, халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, табандылығы мен еңбекқорлығымен танылған спортшы.

«Бұл іс-шара бізге спортпен айналысуға және салауатты өмір салтына басқаша қарауға шабыт берді. Чемпиондармен бірге жаттығу — зор мотивация!» — деп әсерімен бөлісті қызметкерлердің бірі.

Іс-шара соңында қонақтар барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, табыс және өз күшіне сенім тіледі.

«Ең бастысы — тоқтамау. Жеңіс кішкентай қадамдардан басталады, кеше болғаннан бүгін жақсырақ болуға деген ниеттен туындайды», — деді Наталья Богданова.

Шеберлік сағаты тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар спорттың адамдарды біріктіріп, ұжымдық рухты нығайтып, денсаулықты сақтауға көмектесетін жарқын үлгісіне айналды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1087216?lang=kk