Қарағандыда ұландықтар суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды
16.10.2025 13:01:26 56
«Орталық» өңірлік қолбасшылығының Әскери полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Берік Сүлейменов пен 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, ефрейтор Әли Шакенов қызметтік міндетін орындау барысында ерлік көрсетті.
Қарағанды қаласындағы Новорадская көшесі бойымен Бұқпа көлі маңынан өтіп бара жатқан кезде олар суға батып бара жатқан балықшыны байқап қалады — оның қайығы жарылып, көлдің ортасында бата бастаған еді. Ұландықтар еш ойланбастан көлікті тоқтатып, автокөліктің тросын суға суға лақтырып, ер адамды жағаға тартып шығарып алады.
— Біз оны жағаға шығарып алған сәтте, ол әбден тоңып қалған еді. Сондықтан шұғыл түрде жылыту қажет болды. Дереу киімін шешуге көмектестік, көлікке отырғызып, жылытқышты қосып, жағдайын бақылай бастадық. Медициналық көмек көрсетуді ұсынғанымызда, ол өзін жақсы сезінетінін айтып, үйіне жеткізіп салуымызды сұрады, — деді Әли Шакенов.
Құтқарылған ер адам ұландықтарға шын жүректен алғысын білдірді:
— Мен айқайладым, бірақ ешкім келген жоқ. Егер сіздер болмағанда, мен тірі қалмас едім, — деп бірнеше рет ризашылығын білдірді ол.
Бұл оқиға — Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздарының кез келген сәтте көмекке келуге және төтенше жағдайларда батыл әрекет етуге әрдайым дайын екенін көрсететін жарқын үлгі. Өз іс-әрекеттерімен олар батырлықты, кәсіби шеберлікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген адалдықты көрсетті.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1087628?lang=kk