Самар ауданында жаңа балалар ойын алаңы бой көтеруде
16.10.2025 14:12:34 62
Самар ауданында балалардың шат күлкісі мен қуанышына толы жаңа ойын алаңының құрылысы басталды. Заманауи үлгіде салынатын бұл нысан жас бүлдіршіндердің қызықты уақыт өткізуіне, ал ата-аналардың отбасы болып серуендеп, тынығуына арналған жайлы орын болмақ.
Алаңда түрлі ойын кешендері, әткеншектер мен сырғанақтар, сондай-ақ балалардың дене шынықтыруына арналған спорттық элементтер орнатылады. Құрылыста қауіпсіздік талаптары мен жабын сапасына айрықша мән берілуде.
Жаңа ойын алаңының құрылысы алдағы уақытта толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тұрғындар көптен күткен бұл демалыс аймағы ауылдың ажарын ашып, балалардың жүзін қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1087648?lang=kk