Азаматтардың жеке өтініштері аудан әкімінің назарында

Азаматтардың жеке өтініштері аудан әкімінің назарында

16.10.2025 16:42:47 41

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауда тұрғындар үй және жол инфрақұрылымына қатысты мәселелерін айтса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде талаптарын жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға сұраныс бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ, мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға аудан тұрғындарын баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігі түсіндірілді.

Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1087842?lang=kk