Бүгін мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге магниттік-резонанстық томография (МРТ) ғимараты салынып жатқан құрылыс алаңына барды
16.10.2025 17:32:34 87
Сапар барысында қатысушылар құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңімен танысты. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым өкілдері құрылыс кестесі туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
МРТ орталығының салынуы — ауданымыздағы медицинаны дамытудың маңызды қадамы. Жобаның іске асырылуы тұрғындар үшін жоғары дәлдіктегі диагностикалық жабдықтарға қолжетімділікті едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1087910?lang=kk