В Кегенском районе отметили День работников лесного хозяйства

В Кегенском районе отметили День работников лесного хозяйства

17.10.2025 08:53:18 124

Бүгін Кеген ауданында Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға орман саласының ардагерлері мен еңбеккерлері, облыстық және аудандық мекемелердің өкілдері қатысты.

Мереке барысында орман саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, табиғатты қорғауға зор үлес қосқан қызметкерлер Министрлік пен облыс әкімі атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен, сондай-ақ «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
Барлығы 25 орманшы І, ІІ және ІІІ дәрежелі төсбелгі иегері атанды.

Сондай-ақ, жиын аясында Кеген орман шаруашылығының жаңа ғимаратының тұсаукесері өтті. Бұл жаңа нысан — заманауи талаптарға сай, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне арналған кеңсе.

Өз баяндамасында облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы орман саласының ел экологиясы үшін маңыздылығын атап өтті: «Орманшы – табиғатты сүйіп қана қоймай, оны сақтай білетін адам. Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасын орындауда Алматы облысы ерекше белсенділік танытып келеді», — деді ол.

Биыл облыстың орман мекемелерін жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін 217,9 миллион теңге бөлініп, патрульдік автокөліктер, тракторлар, экскаваторлар мен мотоциклдер сатып алынды.
Сонымен қатар, 829 миллион теңгеге 26 өртке қарсы техника алу жұмыстары жүргізілуде. Орман өртінің алдын алу мақсатында жоғары қауіпті аймақтарға 18 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл камералар нақты уақыт режимінде жұмыс істеп, өртті ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Салтанатты жиын соңы жылы лебіздер мен кәсіби мерекеге арналған құттықтауларға ұласты.
Барлық марапат иелерін құттықтай отырып, табиғатты қорғау жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1088110?lang=kk