Экономикалық саясатты, соның ішінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі кездесу
17.10.2025 17:04:30 1222025 жылғы 17 қазанда экономикалық саясатты, соның ішінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында бизнес өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихат депутаттарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Сағнаев Ерлан Ермекұлы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Смағұлов Олжас Мұхтарұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек Мәулетбекұлы қатысты.
Барлығы 80 адам қатысты. Кездесуде бизнес-қоғамдастық өкілдері, мәслихат депутаттары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары болды.
Кеңесте көтерілген негізгі мәселелер:
- салық жүйесін жеңілдету;
- КТС бойынша сараланған мөлшерлемелер;
- ЖТС бойынша прогрессивтік мөлшерлемелер;
- арнаулы салықтық режимдерді оңтайландыру;
- ҚҚС мөлшерлемесін арттыру себептері;
- ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін қолдау;
- өткен жылы сатып алынған ТМҚ-ның өзіндік құнын КТС мақсатында шегерімге жатқызу мүмкіндігі;
- тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі (44 ЭҚЖЖ), оңайлатылған декларация бойынша салық мөлшерлемесі;
- арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілермен операциялар бойынша жалпыға бірдей тәртіптегі ұйымдардың шығыстарын шегерімге жатқызу.
Кездесу барысында конструктивті диалог орнады, бизнес өкілдерінің ұсыныстары әрі қарай қарастыру үшін тіркелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1088728?lang=kk