ІТ саласында ынтымақтастық талқыланды

ІТ саласында ынтымақтастық талқыланды

18.10.2025 09:22:37 113

Бразилиа, 2025 ж. 17 қазан – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Ақпараттық технологиялар кәсіпқойлары қауымдастығының (ASSESPRO) Вице-президенті Роберт Майермен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі тарап ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты орнату мен қазақстандық және бразилиялық IT-компаниялар арасындағы серіктестік жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Елшісі өз сұхбаттасын Қазақстанның IT-секторындағы дамуы мен келешегі, АХҚО мен «Astana IT Hub» артықшылықтарымен таныстырды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығының қызметіне, сондай-ақ Астанада өткен «Digital Bridge 2025» халықаралық форумының нәтижелеріне басты назар аударылды.

Қазақстандық дипломат сұхбат соңында байланыс орнатуға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, институтты Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесіне қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Елші ASSESPRO мен Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұсынды.

Анықтамық: 1976 жылы құрылған Бразилия Ақпараттық технологиялар кәсіпқойлары қауымдастығы (ASSESPRO) бүкіл ел бойынша 1200-ден астам мүше компанияларды біріктіретін ақпараттық технологиялар саласындағы ең көне ұйым болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1088951?lang=kk