Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңесінің отырысы өтті
20.10.2025 12:01:22 158
16 қазанда Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге байланысты өзекті мәселелер қаралды.
Салық саласындағы өзгерістер бойынша түсіндірмелерді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері түсіндірді:
- Омаров Азат Сапарғалиұлы, Департамент басшысының орынбасары;
- Успанов Нұрлыбек Булатұлы, Жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру басқармасының басшысы;
- Талғат Данияр Талғатұлы, Камералдық мониторинг бөлімінің басшысы;
- Албаева Айжан Нажманқызы, Бостандық ауданы бойынша МКБ басшысының орынбасары.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлік қауымдастыққа салық салу, әкімшілендіру және реттеу бойынша практикалық мәселелерді тікелей талқылауға, сондай-ақ уәкілетті органдардан кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1089320?lang=kk