Абайлаңыз! Алкоголь лицензиясына қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті

Абайлаңыз! Алкоголь лицензиясына қатысты алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті

20.10.2025 17:41:43 3735

Назар аударыңыз!

Соңғы кездері азаматтар мен кәсіпкерлердің алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензияларды қайта ресімдеуге/алуға/тоқтатуға байланысты алаяқтық схемаларына тап болған жағдайлардың саны өсуде.

Лицензияны қайта ресімдеу, беру және тоқтатудың барлық рәсімдері тек мемлекеттік портал (www.egov.kz – elicense.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық басқармаларының қызметкерлері салық төлеушілерге телефон соғып, код сұрамайды. Сақ болыңыз!

Сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы МКД-не хабарласуыңызға болады (жұм. тел. 87087653822) 8 (727) 270-07-83

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1089691?lang=kk