Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына науқастарды орналастыру жағдайы толығымен реттелді.
20.10.2025 20:35:12 173
Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы науқастардың уақытша дәлізге қамалғанын көрсететін видео пайда болғаннан кейін, жағдайды түзету үшін жедел шара қолданылды.

Барлық науқастар белгіленген санитарлық нормаларға сәйкес палаталарға орналастырылды, деп хабарлады Шымкент қаласының әкімдігі.