Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі “Баршаға арналған ерте ескерту жүйелері” бастамасы бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты
21.10.2025 08:01:23 158
Женева, 2025 жылғы 20 қазан - 2025 жылғы 13–24 қазан аралығында Женева қаласындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМО) штаб-пәтерінде Дүниежүзілік метеорологиялық конгресс өтіп жатыр. Конгресс ұйымның басшылық органы болып табылады және ДМО-ның басымдықтары мен қызмет бағыттарын айқындайды.
Биылғы жылы негізгі назар гидрометеорологиялық қызметтердің цифрлық трансформациясына, климаттық бейімделу мәселелеріне және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2022 жылы іске қосқан “Баршаға арналған ерте ескерту жүйелері” (EW4All) жаһандық бастамасын кеңейтуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі осы Конгресс аясында өткен “Баршаға арналған ерте ескерту жүйелері” (EW4All) бастамасы бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысты.
EW4All бастамасының басты мақсаты – 2027 жылға дейін әлемдегі әрбір мемлекет пен әрбір адамның ауа райы мен климаттық қатерлер туралы ерте ескерту жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұл бастама ДМО, ЮНЕП, Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО), БҰҰ-ның апаттардың алдын алу жөніндегі басқармасы (UNDRR) және басқа да ұйымдардың күш-жігерін біріктіреді.
Қазақстанның осы іс-шараға қатысуы елдің климаттық орнықтылықты арттыруға, ұлттық гидрометеорологиялық жүйелерді дамытуға және ДМО аясындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстан Оңтүстік Кавказ аймағындағы EW4All өңірлік бастамаларына қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1089840?lang=kk