Аудандық және облыстық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірлескен жұмысы аясында Тұрғысын ауылына іссапар жасалды
21.10.2025 11:00:25 115
Әлеуметтік маңызы бар нысандар – орта мектеп, полиция тірек пункті және дәріхана араланды. Халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына ерекше назар аударылды.
Нан мен негізгі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді.
Жұмыс сапарының басты бағыттарының бірі – ауылдық отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысының барысын және су құбыры желілерінің аяқталуын қарау болды. Жобаны іске асырудың маңызды кезеңдері атап өтілді, жұмыстардың аяқталу мерзімдері мен Тұрғысын ауылының өзекті мәселелері белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1089992?lang=kk