Ауған қолөнерінің атақты кілемдері мен шафран шайы енді Шымкентте!
21.10.2025 11:20:51 112
2025 жылдың 26 қазанында сағат 15:30-да Шымкент қаласының Көрме орталығында Ауған тауарларының көрмесі ашылады. Ауғанстан шеберлерінің төл өнімдері ұсынылатын бұл көрме Қазақстанда үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Ал биыл алғаш рет Шымкент қаласында өтеді.
Көрменің басты мақтанышы – әлемнің әр бұрышында үлкен сұранысқа ие атақты Ауған қолөнер кілемдері. Сонымен қатар келушілерге құрылыс материалдары, тұрмыстық және өндірістік химия, көкөністер мен жемістер, кондитерлік өнімдер, сусындар және ерекше хош иісті шафран шайы сияқты ауған тауарларының кең таңдауы ұсынады.
Өтетін орны: Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 12, Көрме орталығы.
Көрменің жұмыс уақыты:
26 қазан – 15:30-19:00
27-30 қазан – 09:00-19:00

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1090014?lang=kk