Көкөніс пен картоп қоры жеткілікті : 600 мың тоннадан астам өнім жиналды

Көкөніс пен картоп қоры жеткілікті : 600 мың тоннадан астам өнім жиналды

21.10.2025 11:51:06 90

Ауыл шаруашылығы өндірушілері 183,2 мың тонна картоп, 408,4 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдарын жинады. Көкөністің орташа өнімділігі гектарына 263 центнерге жетіп, облыс пен Алматы қаласының ішкі сұранысын толық қамтамасыз етті.

Жиналған өнім жергілікті нарықтарда сатылып қана қоймай, Жетісу және Жамбыл облыстарына да жеткізілуде. Бірқатар шаруашылықтарда көкөністі қаптау және қайта өңдеу цехтары жұмыс істейді.

«Біз Алматы қаласы мен облыстың қажеттілігін толық қамтып отырмыз. Артық өнім өзге өңірлерге жөнелтіліп, фермерлерге қосымша табыс әкелуде», — деді басқарма басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090049?lang=kk