«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік беріп отыр
21.10.2025 12:00:43 164
2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 миллиард теңгеге 271 жоба қаржыландырылды. Ал 2025 жылы тағы 217 жобаға дәл осындай көлемде қолдау көрсетілмек.
Бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және шағын бизнесті дамытуға бағытталған. Ең сұранысқа ие бағыттар — мал шаруашылығы, егіншілік және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру.
«Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға нақты мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жаңа отбасылық фермалар мен қайта өңдеу цехтары ашылуда», — деді Ғалым Тоқпейісов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090084?lang=kk